Оқиғалар күнтізбесі - сәуір 2016
Следи за нами:
RSS

Сәуір

 

 

1 Сәуір. Көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиев дүниеге келген қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі (1975 жыл), КСРО халық әртісі (1984 жыл), халық қаһарманы (1998 жыл).

Өмірбаян 

Видео «Құстар қайтып барады»

 

 

2 Сәуір. 1993 Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні Қазақстан Республикасының президентінің 7 мамыр 2003 жылғы жарлығына сәйкес құрылды. Негізгі әскери қимыл аудандары Каспий теңізі шекара аймақтары. Қазақ әскери-теңіз күштерінің жалпы саны 3,000 адамнан құралады, оған 14 кеме қызметі қызмет көрсетеді

 

Толығырақ

 

7 Сәуір. Ұлы қазақ балуаны және цирк әртісі – Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған күні Ұлы қазақ балуаны және цирк әртісі – Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған күні Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Өмірбаян

Бейнеролик

 

11 Сәуір. 78 жыл бұрын Балқаш қаласының негізі қаланды Балқаш жағалауында орналасқан қала. Балқаш көлінің жағасындағы ең ірі қалалардың бірі – Балқаш қаласы. Қала Қарағанды қаласынан 380 км қашықтықта Бертыс айлағында орналасқан.

Өлкетану тарихи

Балқаш өңіріне аңыздар, есімдер т.б.

 

12 Сәуір. Академик Қаныш Сәтбаевтың туылған күні 115 жыл бұрын (1899-1964) Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, Қаныш Сәтбаев дүниеге келді.

Өмірбаян

Бейнеролик

 

17 Сәуір. Атақты әнші, композитор және ақын Жұмабай Жарылғапұлының туылған күні

Өмірбаян

Жарылғапберді,Ж. Ардақ [Дыбысты жазба]:өлең; халық әнші композиторлары; СD 30 : Арқа /Ж.Жарылғапберді; орынд. М. Ержанов //Қазақтың дәстүрлі 1000 әні=1000 традиционных казахских песен=1000 kazakh’s traditional songs.-Алматы: «Қазақстан халқының рухани даму қоры»,2010.-175 б: Қосымша: "Қазақтың дәстүрлі 1000 әні".- Ғұрыптық әндер.- 50 электрон. опт. диск (МРЗ)

Бейнеролик

 

18 Сәуір. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен.

 

23 Сәуір. Қасым Қайсеновның туылған күні

Қасым Қайсенов- Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.

Өмірбаян

Бейнеролик

 

24 Сәуір. Халел Досмұхамедұлының туылған күні

Халел Досмұхамедұлы- Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым

Өмірбаян

 

Халел Досмұхамедов - ұлт мақтанышы!!! Деректі фильм