Бір ел - бір кітап
Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
2020 жылы "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясына М.Әуэзовтың "Абай жолы" мен Ә.Әлімжанов "Ұстаздың оралуы" шығармалары таңдалды.
«Бір ел - бір кітап» - 2019. Жыл кітабы - С.Торайғыровтың шығармалары Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы мен Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры»
«Бір ел - бір кітап» - 2017. Жыл кітабы - С.Торайғыровтың шығармалары
«Бір ел - бір кітап» - 2016. Жыл кітабы - Д.Бабатайұлының шығармалары
«Бір ел - бір кітап» - 2015. Жыл кітабы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы
«Бір ел - бір кітап» - 2014. Жыл кітабы - С. Мұратбеков "Жусан исі" және "Басында Үшқараның..."
«Бір ел - бір кітап» - 2013. Жыл кітабы - Ф. Оңғарсынова "Дауа"
«Бір ел - бір кітап» - 2012. Жыл кітабы - О. Бөкей. О. Бөкей шығармалары
«Бір ел - бір кітап» - 2011. Жыл кітабы - Ж. Аймауытов "Ақбілек"
«Бір ел - бір кітап» - 2010. Жыл кітабы - Ж. Молдағалиев "Мен - қазақпын"
«Бір ел - бір кітап» - 2009. Жыл кітабы - М. Жұмабаев. М. Жұмабаевтың лирикасы
«Бір ел - бір кітап» - 2008. Жыл кітабы - М. Әуезов "Қилы заман"
«Бір ел - бір кітап» - 2007. Жыл кітабы - Абай "Қара сөздер"
© 2024 ММ «Осакаров Орталықтандырылған Кітапханалық Жүйесі»
При использовании материалов ссылка на сайт обязательна
Зерттеме және сүйеніш: «Creatida» Интернет-компаниясы