Оқиғалар күнтізбесі - мамыр 2016
Следи за нами:
RSS

Мамыр

 

1 Мамыр  Қазақстан халқының бірлігі күні

 

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

 

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

 

Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

 


4 мамыр 76 жыл бұрын Қазақстан композиторлар одағы құрылды

 

Қазақстан композиторлар одағы жеті композитордың бастамасымен құрылды:

Евгений Брусиловский

Ахмет Жұбанов

Мұқан Төлебаев

Василий Великанов

Латиф Хамиди

Борис Ерзакович

Сергей Шабельский


5 мамыр 1896 жылы күні актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серәлі Қожамқұлов дүниеге келді.

өмірбаяны

 

7 Мамыр  1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі

Қазақстандықтар Отан қорғаушылар Күнін атап өтеді



9 мамыр Женіс күні

 

10 Мамыр  85 жыл бұрын жазушы-аудармашы, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері - Кәкімжан Қазыбаев дүниеге келді

өмірбаяны
 

Тізімі

 

11 Мамыр 1904 жылы 11 мамырда ғалым, Қазақстанның археология ғылымының негізін қалаушы, Әлкей Марғұлан дүниеге келді
 

өмірбаян

Тізімі

 

12 Мамыр  Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тарихшы-ғалым Тынышбаев Мұхамеджан дүниеге келді

өмірбаяны



13 Мамыр 1930 КСРО ХКК шешімімен Карлаг құрылды 1930 жылы 13 мамыр күні КСРО ХКК шешімімен Қарқаралы ауданының аумағында Карлаг құрылды. Көлемі 110 мың гектар, ал басқару орталығы Қарағандыдан 45 шақырым қашықтықтағы Долинка селосы болды.
 

Қарағанды еңбекпентүзету лагері

 

15 Мамыр 1922 Ұлы Отан соғысындағы қазақтың жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туылған күні

өмірбаяны

 

16 Мамыр 1936 жылы балалар жазушысы Мұхамедхан Етекбаев дүниеге келді Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1998 жылы қайтыс болды.

Өмірбаяны

Тізімі

 

18 Мамыр 1936 Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтың туылған күні

өмірбаяны

Тізімі

 

23 Мамыр 1924 Қазақтың көрнекті археологы Кемел Ақышұлы Ақышевтың туылған күні


өмірбаяны


28 Мамыр 146 жыл бұрын Ақтөбе қаласының негізі қаланды

қаланың тарихи

 

31 Мамыр 1997 жылдан бастап ҚР саяси қуғын-сүргін құрбандарды еске алу күні атап өтіледі