Уважаемые читатели и жители района!
В рамках программы «Рухани жаңғыру» фонд Осакаровской ЦБС пополнился изданиями, посвященными сакральной географии Казахстана.
Восемь наименований книг-альбомов содержат сведения о памятниках, которые являются наиболее яркими образцами древней архитектуры и занимают особое место в историко-культурном наследии Казахстана.
Құламанова, З. Тастағы Тараз тарихы [Мәтін]: кітап-альбом / З.Құламанова -Алматы: Аспантау, 2017. – 480 б. - : сүрет.- (Рухани жаңғыру)
Бұл кітапқа екі мың жылдан астам тарихы бар, көне түркі жұртының шаруашылығы мен мәдениетінің үлкен ошағы болған, тарихи ескерткіштер көп орын тепкен Тараз өңірінің киелі, қасиетті орындары жайлы ғалым Зиба Құлманованың зерттеу мақалалары еніп отыр. Әсіресе түркі жұрты тарихында айрықша орны бар Қарахан, Айша бибі, бабаджа хатун т.б. көне ескерткіштер жайлы мәліметтер мен мағлұматтардың құндылығы өте жоғары. Бұл өңірден ел бастаған би-шешендер,қазақ жерінің азаттығы жолында жан аямай күрескен талай-талай батырлар шыққан. Еңбектің жас ұрпақтың ел тарихынтанып-білудегі маңызы өте үлкен болмақ. |
Ахметбек, Б. Сыр ескерткіштері [Мәтін]: кітап-альбом/ Б.Ахметбек. -Алматы: Аспантау, 2017. – 304 б. - : сүрет.- (Рухани жаңғыру)
Бұл кітапта Бақытжан Ахметбектің ежелгі Сыр өңінінің қасиетті киелі орындары, осы өлкеден шыққан топ бастаған от ауызды, орақ тілді айтулы би-шешендер, қол бастаған батырлар мен дүлдүл ақын-жыралар, әулие-әнбиелер, тарихи есерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми-зерттеу мақалалары топтастылырған. Әсіресе, түркі әлеміндегі ірі тұлға болып табылатын Қорқыт Ата жайлы зерттеулері тың әрі қызықты. Бұл еңбек қалың оқырман қауым үшін осы өңірдің өткені, тарихы жайлы құнды дүние болып табылады. |
Көшімова, Б.Ә. Үстірттегі көненің іздері [Мәтін]: кітап-альбом/ Б.Көшімова. -Алматы: Аспантау, 2017. – 536 б. - : сүрет.- (Рухани жаңғыру)
Қазақ жерінің батысында орналасқан ежелгі Маңғыстау өңірінің қойнауы тұнған тарих десе де болғандай. Бұл өлкеден есімдері халық жадында сақталған би-шешендер, қол бастаған батырлар, от ауызды орақ тілді ақын-жыраушыларшыққан. Еңбектен осынау киелі де шежірелі өңірдің көне тарихы, сол өлкеден шыққан Пір Бекет ата бастаған әулиелер жайлы, осы маңда орын тепкен көне скерткіштер туралы ғалым-зерттеуші Бибатпа Көшімованың құнды да қызғылықты ғылыми-зерттеу мақалалары орын алған. Кітаптың өскелең жас ұрпақтың туған ел мен жерге деген перзенттік отансүйгіштік рухын қалыптастырудағы маңызы зор болары даусыз. |
Ілиясова, Р. Шежірелі Ақтөбе [Мәтін]: кітап-альбом/ Р.Ілиясова. -Алматы: Аспантау, 2017. – 752 б. - : сүрет.- (Рухани жаңғыру)
Бұл жинақтаАқтөбе өңіріндегі қасиетті мекендер, осы аймақтағы тарихқа қатысты айшықты әңгімелер, ел есіндегі арыстар жайындағы көптеген құнды дүниелер сөз болған. Сонымен бірге еңбектің өткенімізді танып-білудегі, туған жердің рухани қадір-қасиетін бағалай білудегі маңызды ерекше екендігін айта кеткен орынды. |
Уық шаншылған Ұлытау [Мәтін]: кітап-альбом. -Алматы: Аспантау, 2017. – 312 б. - : сүрет.- (Рухани жаңғыру)
Бұл кітапқа қазақ елі мен жерінің біртұтас мемлекет болып қалыптасуында аса зор маңызға ие Орталық Қазақстан, оның ішінде қасиетті Ұлытау өңірінің ежелгі тарихы жөнінде, сол өлкеден орын тепкен Алаш хан, Жошы хан т.б. тарихи ескерткіштер, кесенелер, қасиетті орындар жайлы зерттеу мақалалар жинағы еніп отыр. Ежелгі Орталық Қазақстан өңірі тарихи ескерткіштер көп кездесетін өлке. Бұл өлке – ежелгі дала өркениетінің , шаруашылығының мәдениетінің алтын бесігі іспетті. Еңбектің қазақ елінің өткен тарихын танып білудегі, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиеленудегі мәні зор. |
Шоқай, Е. Отырар алқабындағы қасиетті орындар [Мәтін]: кітап-альбом /Е.Шоқай. -Алматы: Аспантау, 2017. – 560 б. - : сүрет.- (Рухани жаңғыру)
Бұл жинаққа Отырар алқабындағы қазақ тарихы үшін айырықша орны бар қасиетті орындар мен киелі жерлер, атақты тарихшылар мен ғұлама ғалымдар жайлы ғылыми-зерттеу мақалалар еніп отыр. Қазақ елінің ортағасырлар кезеңіндегі мәдениетіне, шаруашылығына, рухани өміріне байланысты ежелгі қалалардың орнындағы қазба жұмыстары халқымыздың өткенін танып-білуге көп пайдасын тигізуде.
|
Бияров, Б. Алтай. Алтын бесік [Мәтін]: кітап-альбом /Б.Бияров. -Алматы: Аспантау, 2017. – 560 б. - : сүрет.- (Рухани жаңғыру)
Бұл кітапқа ғалым Бердібек Бияровтың кең-байтақ қазақ өлкесінің қасиетті Алтай, Смей өңірлерінің аңыз бен жырға, тылсым сырларға толы киелі орындары мен қасиетті жерлері жайлы танымдық мақалалары еніп отыр. Алтай өңірінің түркі жұрты өркениетінің қалыптасуындағы орны айрықша. Оны сол аймақта жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары да нақтылай түседі. Автор осы аймақтағы қасиетті де киелі орындар жайлы нақты тарихи мұрағаттық деректерге сүйене тың дүние жасаған. |
Тасполатов, Б. Басында Қазығұрттың кеме қалған [Мәтін]: кітап-альбом /Б.Тасполатов. -Алматы: Аспантау, 2017. – 304 б. - : сүрет.- (Рухани жаңғыру)
Ғалым-зерттеуші Бақыт Тасполатовтың бұл кітабына Оңтүстік Қазақстанның киелі де қасиетті орындары жайлы зерттеу мақалалары еніп отыр. Автор көне Қазығұрт баурайындағы ежелгі жер-су атаулары, халық сан ғасырлардан бері кие тұтып келе жатқан әулиелер, тарихи тұлғалар жайлы нақты мәліметтер мен деректерге сүйене отырып баяндайды. Бұл еңбек өскелең жас ұрпақтың туған ел мен жерге деген перзенттік сүйіспеншілігін оятады деген сенімдеміз. |
Ждем вас во всех библиотеках района.
Подготовила: заведующая ЦДБ Рапш С.В.