Новости. События
Следи за нами:
RSS
13 мамыр күні Осакаров аудандық кітапханасында хас шебері, өзіндік үнін, азаматтық тұлғасын таныта білген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына арнап «Алаштың дүлділ ақыны» атты тарихи-танымдық сабақ өтті.

 

Ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, өмірбаянын негізге ала отырып, оқушылардың көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында өткен кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары мен мектеп оқушылары шақырылды.
 
Сұлтанмахмұт Торайғыров  қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі тұлға. Ол өте қысқа ғұмыр кешті, 27 жыл ғана жасады. Шығармашылық жұмыспен небәрі он жылдай айналысты. Алайда ол: «Жасамаймын еңбектің жемісін көзбен көрем деп,  жасаймын бір қолғабыс, кейінгіге берем деп…» нендей мақсат көздегенін ашып айтып,  кейінгі ұрпаққа құнды әдеби мұра қалдырды.
 
Оның шығармалары  мол тақырыпты, терең мағыналы, алуан жанрлары көркем суретті қазына. Ұлттық  әдебиетіміздің кемеңгері ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби шығармашылығы, көрнекті мұрасы- халқымыздың рухани саласындағы аса елеулі қазынасы екеніне көз жеткізіп, оқушылар ақынның өлеңдерін  мәнерлеп оқыды. 
 
 
     


Вернуться назад