Оқиғалар күнтізбесі - тамыз 2016
Следи за нами:
RSS

Тамыз

 

6 тамыз. 110 жыл  бұрын  жазушы  Шухов Иван Петрович дүниеге келді.

 

Шухов Иван Петрович 6 тамыз 1906 Солт.Қазақстан обл. Пресновка ауданындадүниеге келген.Жазушы Омбы жұмысшы факультетін бітірген. Мәскеу әдебиет институтында оқыған.1928-1934 ж. «Рабочий путь» (Омбы), «Красная Башкирия»(Уфа), «Волжская коммунна» (Самара), «Советская Сибирь»(Новосибирск), «Сельскохозяйственный работник» (Мәскеу),газеттерінде әдеби қызметкер. 1934-1937 ж. Солт.Қазақстан  обласындағы Пресновка ауд. «Ударник» газетінің редакторы. Шығармалары 1926 жылдан жариялана бастады. «Өшпенділік» романында  (1931) әлеуметтік, саяси-экономикалық, адамгершілік мәселелері көтеріліп,орыстар мен қазақтардың жаңа заман орнату жолындағы еңбегі,достығы баяндалады. «Қасірет белдеуі» романы (1931) қазақ, орыс халықтарының Қазан төңкерісіне келу жолдарын суреттеуге арналған. Шухов шығармашылығына  М. Горькийзор баға берген,жазушының қазақтар өмірі тым қатал әрінанымды етіп суреттелгеніне баса  назар аударған. Солтүстік Қазақстандағы коллективтендіру тақырыбы «Отан» романында (1936)  жалғасын тапқан. «Майдандағы армия» романында көтерілген тарихи оқиғалар 1-дүниежүзілік соғыспен,Қазан төнкерісі, Азамат соғысы жылдарын «Алтын алқап» кітабы(1957), «Американың күндері мен түндері» (1960), «Югославия күнделігі» (1963), т.б. очерктер жинағы, «Туған ел және жат жер» деген прозалық топтамасы (1968), «Пресновка әсерлері» атты өмірбаяндық повестер шығармаларының алғашқы бөлімі, «Қазақстан желі өтінде» очерктер жинағы (1931), т.б.жарық көрді.Көркем аударма саласында жемістіеңбек етіп, С.Мұқановтың «Ботагөз», «Өмір мектебі» романдарын, М.Әуезовтың,Ғ. Мүсіреповтың,

 

Ғ. Мұстафиннің,Ә. Әбішевтің бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударған. Шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. «Өшпенділік» (1935), «Қасірет белдеуі» (1972) романдары қазақ тілінде жарық көрді. Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтың иегері(1977). «Халықтар достығы» орденімен (1976),Еңбек Қызыл Ту орденімен 2 рет және медальдармен марапатталған. Алматы қаласындағы бір көше, № 53 мектеп Петропавл қаласындағы бір көше мен орталық қалалық кітапхана, Преснов станциясындағы мектеп оның есімімен аталады. Жазушының туған жерінде әдеби-мемориалдық мұражай үйі ашылған.

 

Шухов Иван Петрович //Қазақ әдебиеті:энциклопедиялық аңықтамалық /бас. сарапшы Б.Әбділғазиев.-Алматы:«АрунаLtd» ЖШС,2005.-559 Б.

 

15 тамыз. Шахтинск  және Абай қалаларының құрылғанына 55 жыл 

 

18 Тамыз. Қазақстан Республикасының шекарашылар күні

 

29 Тамыз. 2010 Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның 29-тамызды «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн» деп жариялау туралы ұсынысын мақұлдап, арнайы қарар қабылдады Семей сынақ алаңын жабу туралы Жарлық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың 29 тамызында тарихи маңызы бар құжатқа қол қойды. Бұл Семей сынақ алаңын жабу туралы Жарлық болатын.
Видео.

 

30 Тамыз. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.