Мұқағали Мақатаев
Следи за нами:
RSS

Мұқағали Мақатаев

Өмірбаян

Мұқағали Мақатаев (9.2.31, Алматы обл. Райымбек ауд. Қарасаз ауылы.- 5.3.1976, Алматы)- ақын. ҚазҰУ-де (1948-49), Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында (1973-74) оқыған. Текес ауданында хатшы,  1952-69 ж. Қарасаздағы мектепте мұғалім, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауданында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің («қазіргі Хантәңірі») жауапты хатшысы болған.  «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер,Қазақстан Жазушылар одағында бөлім кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Тұңғыш өлеңдері  «Қырман басында»,  «Қойшы бала-Әкітай» 1949 ж. Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарияланған. Американ ақыны У.Уитменнің  «Шөп жапырақтарын» ( 1969), ағылшын ақыны У.Шекспирдің «Соннеттерін» (1970),  Д. Алигерьидің «Құдіретті комедиясының»  «Тамұқ» бөлімін, орыс ақындары Н.Тихоновтың,  Е. Евтушенконың, шотландық ақын Р.Бернстің, Ф.Ансаридің, армян ақындары А.Акопянның, А.Исаакянның, Ф.Моргунның өлеңдерін қазақ тіліне аударған.  Шығармалары өзбек, қырғыз т.б. тілдерге аударылған. Көптеген өлеңдеріне ән жазылған. Қазақстан жазушылар одағы 1985 ж. бері үздік әдеби шығарма авторларына Мұқағали атындағы сыйлық беріліп келеді. 2000 ж. қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілген.

Мақатев Мұқағали [Мәтін]// Қазақстан әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2005.- 357 б.