Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
Аудандық балалар кітапханасында № 9 гимназияның 1 сынып оқушыларына «Кітапхана, кітап және мен- бәріміз адал достармыз» атты қызықты саяхат болып өтті.
Іс-шараның мақсаты: кітапқа және кітап оқуға насихаттау, кітапханаға қызығушылықтарын арттыру. 
Кітапхана табалдырығын бірінші аттаған бүлдіршіндер білім көзі-кітап патшалығына саяхат жасап, көп нәрсені ойларына түйді: кітапхана дегеніміз не, абономент және оқу залы, кітапты қалай пайдалану керек және кітапхана ережелері, түрлі ойындар мен сауалнамаларға қатысты. Кеш соңында жас оқырмандарға оқырман билеті-жалаушалар таратылды. Оқырмандар қатарына қосылған балаларға бұл күн нағыз мерекеге айналды.
 


Вернуться назад