Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
Бүгін ОБК өткен жылы ғана енгізілген жас мереке Алғыс айту күніне орай «Қазақстан –бақыт мекені» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Іс-шараға «Ботақан» поэтикалық клубының мүшелері белсене ат салысты. 
Оқушылар Алғыс айту күнінің пайда болу тарихымен таныстыратын презентация тамашалады. Өздері де ән мен биден шашу шашып кештің шырайын келтірді. 
Алғыс айту күні-ол күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Дәл осы себепті оқушыларда кеш барысында бұл күннің маңызын ұғынып, өз ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.
 
 
 


Вернуться назад