Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
күні балалар кітапханасының оқу залында тамаша балалар жазушысы әрі ақын Корней Чуковскийдің 135 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушыларымен ертегілер еліне әдеби саяхат жасалды.
ОБК меңгерушісі С.Рапш балаларды мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар қызықты сауалнамаларға жауап беріп, сөзжұмбақ шешті. Сөзжұмбақ шешу барысында балалар жазушының ең бірінщі шығармасын кілт сөз арқылы тауып білді. 
Осы ұлы адамның неліктен балалар жазушысы болғандығын, балалар оған ұлының ауруы себеп болғандығын білді. Балаларды әсіресе «Адасқан заттар кәрзеңкесі» атты ойын қызықтырды. Бұл ойында адасқан заттың кімге тиесілі екендігін тауып қана қоймай, шығармадан сол адасқан зат туралы үзінділер оқылды. Ұйымдастырылған іс-шара балаларға жаңаша серпін берді.


Вернуться назад