Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Орталық балалар кітапханасы барша елімізді 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды.

Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы одан әрі нығайып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Дәл осы мереке қарсаңында ОБК аудандық саябақта кішкентай бүлдіршіндермен ұлттық ойын түрлерінен шағын жарыс ұйымдастырды. «Арқан тартыс», «Қызыл жалау», «Ақ серек, көк серек» сияқты ойындарды құмарлары қанғанша ойнаған балаларға ойын соңында тәттілер үлестірілді. Осы күннен ерекше көңіл күйге бөленген балалар, үйлеріне көңілді тарасты.
 

 

  


Вернуться назад