Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
Осакаровка к. аудандық кітапханасының қызметкерлері жоғары сынып оқушыларының 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға қатысушы Г. Б. Худайбердиевамен кездесуін ұйымдастырды.
Онымен кездесуге Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы Алтай Бадеевич Аяғанов және осы колледждің студенті Талшын Серікқызы Макишева келді.Гүлсім Биктимирова 1986 жылы желтоқсанда Алматыда студент кезінде жастармен бірге алаңға шыққан оқиғалары туралы естеліктерімен бөлісті.
Аяғанов Қазақстан тарихындағы 1986 жылғы желтоқсан  оқиғаларының маңыздылығы, Тәуелсіздіктің қалыптасуы туралы айтып берді.Т. Макишева "Қарағанды облысының Алматыдағы Желтоқсан оқиғаларына қатысушылар және олардың естеліктері"тақырыбындағы зерттеулері туралы айтып берді. Тақырып кездесуге қатысушылардың - Осакаровка кентінің №1 ОМ оқушыларының қызығушылығын тудырды, олар көптеген сұрақтар қойды.


Вернуться назад