Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
Кітапханашылар күніне орай орталық аудандық кітапханада кітапхана қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Алма Шалабаева аудан кітапханашыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол кітапханада ерекше адамдар жұмыс істейтінін атап өтті: шығармашылық, креативті, бастамашыл, жан — жақты және әмбебап дағдылары бар мамандар. Ол ауданның кітапхана жүйесінің барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа жарқын идеялар тіледі.
Бұл күні аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Назарова Елена Владимировна – зейнеткер Қарағайлы ауылының кітапханашысы, Липатова Зоя Павловна – зейнеткер Крещеновка ауылының кітапханашысы, аудан әкімінің алғыс хаттарымен Макишева Гүлжан Жақейқызы – Осакаровка кентінің орталық балалар кітапханасының меңгерушісі, Сестреватовская Елена Вячеславовна – Сұңқар ауылының кітапханашысы және Салтаева Татьяна Константиновна – Мирное ауылының кітапханашысы марапатталды.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында ОАК қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жанарстанова Сәуле Еркінқызы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. ОКЖ басшысы Еремеева Евгения Александровна Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттармен құттықтаймыз, зор денсаулық, сарқылмас өмірлік қуат және барлық жағынан табыс тілейміз!


Вернуться назад