Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
"КітапШоу" республикалық фестивалі аясындағы іс-шаралар Озерное ауылының кітапханасында өтті.

Батпақ, Есіл, Пионерское ауылдарының, сондай-ақ Осакаровка кентінің орталық аудандық және орталық балалар кітапханасының кітапханашылары ауыл тұрғындары үшін жарқын кітап мерекесін ұйымдастырды. Фестиваль бағдарламасында осындай қызықты іс-шаралар болды: библио экскурсия "Кітаптар құпиялары", "Шведский стол для книгочеев" танымдық ойыны, "Жаңа PROоқу" әдеби караоке, балаларға арналған "Кішкентай кітап" шеберлік сыныбы, "Fruit puzzle" витаминдік ойыны және "Сreative рандеву" - өлкетанушы, Осакаров ауданы мектептерінің 5-7 сынып оқушыларына арналған оқу құралы  авторы К. К. Пиминидимен кездесу өтті.

 


Вернуться назад