Зверев Максим
Следи за нами:
RSS

Зверев Максим

Өмірбаян

Зверев Максим Дмитриевич (29.11.1896, Ресей, Алтай өлкесі, Барнаул қаласы-22.1.1996, Алматы)- Қазақстан халық жазушысы (1987). Томск университетін бітірген. (1923). 1923-37 ж. Сібір өсімдік қорғау ғыл. зерт. инс-да ғыл. қызметкер, Новосібір қ-лық хайуанаттар паркінің директоры, Томск ун-е доцент болған. 1937 ж. Қазақстанға қоныс аударып, 1937-52 Алматы хайуанаттар паркінде ғыл. бөлімінің меңгерушісі, директоры, ҚазҰУ –де доцент қызметтерін атқарған.

 30- дан астам ғылыми еңбек жариялап, 20-ға жуық ғыл. –көпшілік кітапшаларын шығарған. Алғашқы көркем шығармасы «Ақ марал» 1929 ж. жарық көрген. «Індерде және ұяларда» (1939), «Ормандағы кездесулер» (1938), «Алатаудың қорықтары» (1946), «Ертіс торғайлары мен далаларында» (1950), «Таңдамалылар» (1956), «Көкпектің аңшысы» (1963), «Көзге көрінбестер ізімен» (1971), «Таулы шыңның қожалары» (1972), «Жаңа қоныста» (1972) , т.б. кітаптары шыққан. «Ақ дақтың ақыры» повесі, «Тасқында» (қазақ тілінде, 1960) жинағы үшін РСФР Оқу мин-нің (1959) сыйл. алған.Балаларға арналған «Қанатты тарту» атты түрлі-түсті көркем суретті және бірқатар ғыл. көпшілік фильм сценарийлерінің авторы. Көптеген шығармалары шет ел халықтары тілдеріне аударылған. 2 рет «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» (1986), «Халықтар достығы» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982).    

 

Зверев Максим Дмитриевич [Мәтін]// Қазақстан әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2005.- 242-243 б.