Книжный меридиан

Книжный меридиан

Жаңа кітаптарға шолу!

Әлимжанова, А.
Қызықты география[Мәтін]/ Әлимжанова А. .- Алматы: «Таймас» Баспа үйі, 2011.- 160 бет.- (Танымдық! Қызықты!)

ББК 26.8
Бұл кітапта Жер шарының барлық материктері туралы географиялық ақпараттар  берілген. Олар есте сақтауға жеңіл. Кітаптың құндылығы – автор сөзжұмбақтар мен басқа да жұмбақ түрлерін ерекшелендіріп бере білген.
Көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

 

Әлімқұлова, Р.
Қызықты биология[Мәтін]: Өсімдіктер әлемі. Жүйелік топтары/ Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р.- Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2011.- 184 бет.
(Танымдық! Қызықты!)

ББК 28.5

Кітапта өсімдіктердің жеке жүйелік топтарының ішінен кеңінен таралған және Қазақстан аумағында көбірек кездесетін түрлеріне сипаттама берілген. Мұндағы жеке өсімдік түрлері туралы берілген деректер оқырманның өсімдіктер жайлы білімін толықтыра түседі. Оқырманның қызығушылығын арттыру мақсатында кітапта сөзжұмбақтар, басқатырғылар, жұмбақтар, жаңылтпаштар және оқушыны ойландыратын сұрақтар берілген. Кітапта Қазақстанда сирек кездесетін және Қызыл кітапқа тіркелген түрлер жайында да қызықты мәліметтер келтірілген.

 

Сәтімбеков, Р.
Қызыққты биология [Мәтін]: Жануарлар әлемі. Төрт түлік/ Сәтімбеков Р., Әлімқұлова Р.- Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2011. – 132 бет. (Танымдық! Қызықты!)

ББК 28.0
Кітапта төрт түлікке қатысты танымдық, тәрбиелік деректер, ұлттық ұғымдар, даналық сөздер, сөзжұмбақтар, басқатырғылар жүйелі түрде көркем және жеңіл тілмен жазылған.
Кітапта әрбір мәтіннің мазмұнын тереңдете түсетін және оқырмандардың қызығушылығын арттыра түсетін түрлі түсті суреттер де берілген.
Кітап ата-аналарға, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына және көпшілік оқырмандарға қосымша көмекші құрал  бола алады деп есептейміз.

  Көліктер [Мәтін].- Алматы: «Алматы» баспасы, 2011.-32 бет. (Балаларға арналған танымдық энциклопедия)

ББК 92

Халқымызда «Ізденген-жетер мұратқа» деген дана сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде балалар түсіне бермейтін жәйттер көп-ақ. Өмірді жете танығысы, бәрін білгісі келетін олар «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда», «Қашан»деген тәрізді сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы- табиғи заңдылық.
Осы орайда, балаларға бағыт-бағдар сілтейтін түрлі танымдық әдебиеттердің көмегі аса зор екендігін ескере келе, кішкентай оқырмандардың білуге деген құштарлығын қанағаттандыру үшін «Аруна»  баспасы «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» топтамасын ұсынып отыр. Сан алуан тақырыпты қамтитын энциклопедиялар балалардың жан-жақты кемелденіп, білімін тереңдете түсуіне, өзі өмір сүріп отырған ортаның қыр-сырын тануға, алыс-алыс өлкелерге қиялында саяхаттауға көп көмегін тигізеді деп сенеміз.