Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты.
Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. толығырақ
http://e-history.kz/kz/contents/view/2151
«Жасыл энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады, яғни:
● ауа-райы өзгеруімен және көмірқышқыл газының шығарылуымен күресуге;
● балама қуат көздерін пайдалануға ынталандыруға бағытталған, оның ішінде қалпына келтірілетін қуат көздерін пайдалану және энерготи;імділік жөніндегі бағдарламаларды енгізу;
● энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз ету;
● энергияны өндіру, сақтау және пайдалануды басқару;
● тұрақты қуат көздеріне жалпы қол жетімділікті қамтамасыз ету
Қазақстандағы балама энергия көздері: жел энергиясы
Энергетикалық төңкеріс – экономикалық дағдарысты жоюдың жолы
ЭКСПО-2017 – ХХІ ғасырдың кереметі
ЕХРО 2017 Futurt Energy Astana Kazakhstan.
АСТАНА ГОРОД БУДУЩЕГО EXPO-2017 бейне ролик
Ғаламдық экологиялық проблемалар