Дулат Бабатайұлы
Следи за нами:
RSS

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының ұйымдастыру комитеті 2016 жылғы кезекті жыл кітабын таңдау мақсатында Ұлттық академиялық кітапханасында бас қосты. Еліміздің белгілі ғалымдары мен ақын-жазушылары, облыс кітапханаларының басшылары қатысқан отырыста жабық дауыс нәтижесі бойынша зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз – Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" кітабы жыл бойы оқылатын болды. Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. 1880 жылы қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.

 

Дулат Бабатайұлы

(1802 - 1874 ж.ж)

 

  Дулат Бабатайұлы, бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Қызылжолда деген

  атамекенінде 1802 жылы туған. Жаздық мекені Ақжайлау, Сандықтас. 1871 жылы

  атамекенінде қайтыс болған.

  Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған,

  сауатты ақын боған.

  XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің

  толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын

 

бірқыдыру бере білді. Жеке кісілерге арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға» т. б. өлеңдерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білді.

 

Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиетнама» деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны — Шәкір Әбенов.

 

Кемелбаева, А.  Жігіт болар ма екенсің? [Электронный ресурс] // Кітапхана патшылығы / А. Кемемлбаева.-Режим доступа:  http://k-p.kz/index.php/ta-ylymdy-ta-dyr/197-zhigit-bolar-ma-ekensi.- (д.о. 14.03.2016)

 

Оқу - Бабатайұлы,Д.   Өсиетнама[Мәтін] :өлеңдер мен дастандар; I кітап  // Тұнық тұма: өлеңдер мен

          дастандар. Сын-зерттеу, көзқарастар/ Д.Бабатайұлы; құраст.Қ.Раев; алғы сөз жазғандар З.Ахметов,

          Қ Раев.-Алматы: «Раритет»,2002.- 23-146 Б.

 

Дулат Бабатайұлы - ВИДЕО