Толен Абдиков
Следи за нами:
RSS

       

"Разума пылающая война" 

"Таласбай" (стр. 268)

"Оң қол"

"Әке"

"Ақиқат"

МАЗМҰНДАМА. Төлен Әбдік. "Әке"

Қазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар, қаламынан таным тамшылары мөлдіреген қабырғалы жазушы Төлен Әбдікұлы 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген. ӘлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1965). 1965–1970 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1970–1977 жж. «Жалын» алманахында бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, 1977–1979 жж. «Қазақфильм» киностудиясында Бас редактор, 1979–1990 жж. Қазақстан КП ОКнде жауапты қызметте болған. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып істеді. 1993 жылы ҚР Президенті әкімшілігіне жауапты қызметке орналасады.

Шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987), «Парасат майданы» (2002) романдарын жариялады. Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шықты. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған. Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Дерексөз: adebiportal.kz

 Төлен Әбдік . Ресми сайт