Қастек Баянбаев
Следи за нами:
RSS

Қастек Баянбаев

Өмірбаян

Қастек Баянбаев (15.11.1936 ж.т., Алматы обл. Алакөл ауд. Талдыбұлақ ауылы.) –ақын. ҚазҰУ-тін бітірген (1976). 1960-70 ж. ауданы газетінде тілші, 1971-79 ж. «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында бас редактор қызметтерін атқарған.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Арғымақ» 1962 ж. жарық көрген. Ондаған жыр жинақтарының авторы. Шығармалары орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, түрікмен, әзербайжан, литван тілдеріне аударылған. Белгия ақыны Э.Верхарнның,  авар ақыны Р. Ғамзатовтың, болгар ақыны Л. Левчевтің, орыс ақындары С.Михалковтың, Р.Рождественскийдің, З.Александрованың, молдаван ақыны Г.Виерудің, якут ақыны С.Даниловтың, түркімен ақыны Қ.Тәңірқұлиевтің т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Екі томдық «Орыс поэзиясының антологиясын»  аударуға қатысқан. Қазақстан Құрмет грамотасымен марапатталған.   

Баянбаев Қастек [Мәтін]// Қазақстан әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2005.- 121-122 б.