Следи за нами:
RSS

Балаларға арналған қауіпсіз ғаламтор

 

Балаларға арналған қауіпсіз ғаламтор ережелері

 

1 ереже. Өзіңіз жайлы ақпараттарды ашық жарияламаңыз. Көптеген белгісіз сайттар сізден аты-жөніңізді енгізуіңізді сұрайды. Мұндай жағдайда өзіңізге бүркеншік ат ойлап табыңыз. Сіз жайлы ақпараттар сұрайтын яғни: аты-жөніңізді, туған күніңіз бен жылыңызды, телефоныңызды, достарыңыз туралы мәлімет беруден аулақ болуға тырысыңыз. Себебі бұл ақпараттарды бәрі көре алады. Берілген ақпараттарды алаяқтар мен ұрылар шынайы өмірде қолданғанындай виртуальды өмірде де қолдана алады.

 

2 ереже. Егер ғаламтор-досыңызбен шынайы өмірде кездескіңіз келсе міндетті түрде ата-анаңызға ескертіңіз. Ғаламтордағы досыңыз мүлдем сіз ойлағандай адам болып шықпауы мүмкін. Егер сіздің ғаламторда танысқан жаңа танысыңыз сізді табанды түрде кездесуге шақырса алдын-ала ата-анаңызбен , жақындарыңызбен кеңесіп алыңыз.

 

3 ереже. Ата-анаңыз ұсынған ғаламтор беттерін қарауға тырысыңыз. Ол кісілер өмірлік тәжірибесі көп болғандықтан сізге ненің жақсы ненің жаман екенін айыруға көмектеседі.

 

4 ереже. Өз еркіңізбен ғаламторда отырғанда, сіз мүлдем басқа беттерге тап болуыңыз мүмкін. Бұл туралы ата-анаңызбен ақылдасыңыз. Кез келген қызықты, пайдалы, керекті сізді қызықтырған сілтеме, үлкендерге арналған беттерге апаруы мүмкін.

 

5ереже. Тағы бір ереже, ешқашан ата-анаңыздың хабарынсыз ғаламторға хабарлама жібермеңіз. Кейде жақсы жарнамамен берілген түрлі ақпараттар түрлі оқиғаларға апарып соғуы мүмкін. Сондықтан артық қимылдаудан сақ болыңыз.

 

Ұмытпаңыз, ғаламтор- бұл өмірдегі ең басты қызық емес. Бұдан басқа өмірде кітап оқуға, спортпен айналысуға, достарыңызбен таза ауада қыдыруға болады.