Тұманбай Молдағалиев
Тұманбай Молдағалиев 20.03.1935 ж. Алматы облысының, Еңбекшіқазақ ауданың, Жарсу ауылында туған. «Жас Алаш»
( бурынғы «Леніншіл жас»), «Пионер» журналында, «Жазушы» баспасында редактор, «Балдырған» басылымда жауапты хатшы, «Жалын» альманағында бас редактор Қазақстан жазушылар одағынын хатшысы болған. Өлеңдері орыс және бірнеше шетел тілдеріне аударылған. ӨЗІ де көптеген батыс классиктері шыкғармаларың аударған.
Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Тұманбай Молдағалиевтың бұл жинағы сәбилерге арналған. Тілі көркем, оқиғасы қызық бұлбұл жырлар бала көңілінен Шығатынына сенімдіміз.
Кеңес Оразбекұлы
Кеңес Оразбекұлы Оңтүстік Қазакстан обласы. Сарығаш ауданы, Дарбаза кеңшарында туып-өскен. Әл-Фараби атындағы қазқ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Республикалық «Егемен Қазақстан» ( 1989-1991), «Ұлан» газетінде (1991-2004) ж. Қызмет істеген. 2004 жылдан бері республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторының орынбасары. «Ертегі туралы ертегі» (1993), «Ай аттары қайдан шыққан?» , «Мүшел жас»(2002), «Наурыз көже» (2007), «Қанатты сөз-қазына» (2010), "Тұран баһадүрлері немесе Ер,Би, Нұрдың ерлік жорықтары» (2010) кітаптарының авторы. Алматы қалалық әкімшілігі (2005) мен «Бөбек» қоры ұйымдастырған (2006) республикалық бәйелердің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» және Қазақстан Кинематогрофистер одағы жарияланған сценарийлер конкурсы (2009) мен халықаралық «Дарабоз» бәйгелерінің (2009) жүлдегері.
Жас жазушы Кеңсе Оразбекұлы балалр пьесасын жазуда қаламгерлік талантын ұштап ұсынған бұл жинақ, мектеп сахнасына арналған қойылымдардан тұрады. Тілі жатық, оқиғасы қызықты шығармалар жас өскін көңілінен шығады деген сенімдеміз.
Бағдат Мәжитов
Бағдат Мәжитов 1976 жылы Алматы обласы, Райымбек ауданы,Шәлкөде аулында дүниеге келген. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ- нің журналистика факультетін бітірген. Алматы ақшамы зазетінде бөлім редакторы болып қызмет атақарды. Бүгінде балалр мен жасөспірімдерге арналаған республикалық Ұлан г газетінде бас редактордың орынбасары.
Бұл жинаққа Бағдат Мәжитовтың тырнақалды әңгімелері кіріп отыр. Кітапта балалр өмірінің қызықты сәттері, олардың түсініктері мен тамындары, қиялдары мен армандары, өздеріне тән болмыс-бітімдері нанымды суреттеледі.
Әлсейіт Ақпанбетұлы
Әлсейіт Ақпанбетұлы 1943 ж. 22 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданының «Коммунизм» колхозында дүниеге келген. 1966 жылы Қазылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағыпедагогикалык институттын филолгия факультететін бітірген. 1973 жылдан Алматы қаласында тұрады. Көп жылдар бойы «Балдырған», « Айгөлек» журналдарында қызмет жасаған. «Тұңгыш кітап» (1977), «Бал дәмі» (1980), «Нұр жаұган күн» (1984) жыр жинақтарының, «Той үстінде» (1988), « Қатын қашқан» ( 1994),» Сыңар аққу» (2008) проза кітаптарының автор. «Дүние думан» (« Байпатшада бес бибі») комедиясы (Алматы, Талдықорған), «Көк көбелек» («Түнгі көбеле к»)трагикомедмясы, Қызылорда, Шымкент республика театрларында 1998 жылдан бастап қойылуда.
Жазүшы Әлсейіт ақпанбетұлының Үш мақташак атты кітабына балалрға арналған шағын этюд, әңгіме, ертегі, скетчтер еніп отыр.
Қалмагер кейіпкерлері: ерке де тентек, қалжыңбас та қиялшыл, аңқау да адал...
Кітап әзіл – оспаққа бай. Тілі шұрайлы. Оқуға жеңіл әрі қызықты.
Жақсылық Кенжалиев
Жақсылық Кенжалиев 1955 жылы ақпанның 24-ші жұлдызында Қызылорда облысы, Сексеуіл стансансында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне тусіп, оның журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Балаларға арналған шағын әңгімелері республикалық басылымдарда жарияналып келеді. Қазір РМР фирмасында директор қызметін атқарыда.
«Жолың болсын» – жас жазушының тұңгыш жинағы. Қаламгердің балалр тақырыбына ден қоюы қуантарлық. Жас өркен жанына жақын әңгімелерінің оқигасы қызықты, балаға тән әрекеттерімен оқырманын табатынына сенімдіміз.
Тұрысбек Еділбаев
Тұрысбек Еділбаев 1945 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, мамандығы дәрігер-эндокринолог. Балаларға арналған бірнеше кітапшалардың авторы. «Марс алыс па?», «Ойлан тап», «Есеннің қылығы», «Үш пәледен аулақ бол» сияқты шығармалары оқырман жүрегіне жол тапқан.
Жазушы Тұрысбек Еділбаевтің 1994 жылы «Балауса» баспасынан жарық көрген «Марс алыс па?» кітабындағы жас жеткіншектерге арналған тақпақтар, өлеңдер, жұмбақ-жаңылтпаштарды оқырман қауым жылы қабылдаған болатын.
Енді міне ол жас оқырмандарына «Айша» атты кітабын ұсынып отыр. Жинақта ақындық талант автордың педагогтік, дәрігерлік біліктілігімен астасып жатыр. Тілі де жеңіл, тартымда.
Балалрдың тіліне бірден үйлесіп, ойына оралатындай ұйқасты да, ұтымда.
Сұлтан Қалиұлын
Сұлтан Қалиұлын жұртшылық балалр ақыны ретінде біледі. Оның отызға тарта кітаптары болмаса, дені балалрға арналған. Біраз өлеңдері оқулықтарда жарияланған. Жекелеген өлеңдері литван, эстон, молдавия, украин, беларусь, грузин, армян, азербайжан, өзбек, туркмен, корей, ұйғыр тілдеріне аударылған. Бір кітабы орыс, бір кітабы қырғыз тілдерінде жарық көрген. Сондай-ақ Сұлтан Қалиұлы К.Чуковский, а. Барто, С. Михалков, Р. Ғамзатов, Ян Бжехва, К. Тәңірқұлов, Қ . Мұхаммади, М. Миршаков, Б. Асаналиев, Т. Самудинов сияқты шетел ақындарының өлеңдерін қазақшаға аударған.
Сәбілер мен бүлдіршіндердің, балдырғандар мен жас жеткіншектердің көрнекті төл ақыны Сұлтан Қалиұлының бұл кітабына ауыл балаларының қызықтары жайындағы өлендері мен поэмалары еніп отыр.
Серік Үсенұлы
Серік Үсенұлы 1966 жылы ҚХР, Іле қазақ автономиялық обласы, Маңғылкүре ауданы, Ақдала ауылында дүниеге келген. «Құланиек,» «Ақшаттың суы мөп-мөлдір» прозалық кітаптардың авторы. Қазір республикалық балалар Басылымы- «Балдырған» журналының әдеби қызметкері.
Еліқтің лағы – Серік Үсенұлының балалрға арналған алғашқы әңгімелер жинағы. Қітапқа жиырмадан астам туынды енген. Балалр басылымда бір-аз жыл еңбек етіп, тәжірибе жинаған оның шығармаларының көбінің көлемі шағын, оқиғасы қызық, тартымды оқылады. Шығармалардың тілі қарапайым, ұғынықты әрі балалрдың дүние танымына жақын болғандықтан, кішкентай оқырманның көнілінен шығады деген үміттеміз.
Шәкен Күмісбайұлы
Шәкен Күмісбайұлы 1943 жылы 17 қазанда Алматы обласы, Ақсу ауданы, «Қарақөз» ауылында туған. 1965 жылы алматы шетел тілдері институтын бутіріп, 32 жыл ұстаздық еткен. 1983 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Отызға жуық кітаптың авторы. «Қазақ елі», «Ана тілі», «Бала би», «Айгөлек» басылымдарында қызмет еткен. Халықаралық «Алаш»сайлығының иегері.
Белгілі балалр жазушысы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Шәкен Күмісбыйұлының бұл кітабына үш повесі енді. Негізінен жазушы бұл жинаққа кейінгі уақытта жазған шығармаларын ұсынып отыр. Тілі жас оқырманға лайық, оқиғасы қызық бұл жинақ балалр көңілінен шығады деген сенімдеміз.
Оспан Сейфолла Міркемелұлы
Оспан Сейфолла Міркемелұлы-1938 жылы 15-ші Желтоқсанда Қызылорда обласы, Сырдария ауданына қарасты Құндызды ауыл советінде дүниеге келген. 1956 жылы сол жақтағы университеттің журналистиқафакультетін тамамдаған. Шығармашылықпен 1958 жылдан бері айналысып келеді. Сонау алғашқы «Жазғы жауын» өлеңдер жинағынан бастап балаларға арналған «Не жаман?», «Қалақай», «Балақойған», жинақтарымен бірге үлкендерге арналған «Құндызы- менің жұлды-зым», « Бақытқа хат», «Ар мен ән», «Көңіл сәулесі», «Самал», жинақтары жарық көрген. «Алдымнан атқан ақ таңым», «Қанағат» атты таңдамалы жинақтардың авторы.
Автордың «Жалбыз» деп аталатын балаларға арналған өлеңдер жинағы негізінен ертегі-аңызға құрылған. Ақын мұнда халық фольклорының тамаша нұсқаларына сүйене отырып, бүгінігі бүлдіршіндер қауымының тіліне жеңіл, көкірегіне қонымды үлгі өнеге тайстайтын, ойлы да ойнақы, қызықты ертегі-аңыздың жаңа бір қырынан көрінетін өзіндік ой-арқауып тапқан. Демек болашақ оқырман жас қауымын баурап алып, олардың ішкі жан-дүниесін аша түсерінде сөз жоқ.
Белгілі қазақ драматургі, ақын әрі сценарист, мемлекеттік «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Балдырған» балалар журналы бас редакторының орынбасары.
Ескен Елубаев балалар тақырыбын шығармашылығында да, жұмысында да басты назарға қояды.
Тазалық, жеңіл әзіл және шынайылық-ақынның басты ерекшеліктері, ал кез келген оқиғаны баланың көзімен бейнелеу ақын өлеңдерін ерекше айқындап есте қаларлықтай етеді. Автордың шығармашылығы үлкен, оны қашанда өз оқырмандары асыға күтеді.
Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы мәдениет және ағарту саласының еңбегі сіңген құрметті азаматы. Үлкен қоғамдық жұмыстармен айналысады. Мәжіліс депутаты болған. Отан алдындағы ерен еңбегі үшін ақын «Құрмет грамотасымен» және «Қазақстанның халық жазушысы» атағымен марапатталған. Аналар және Әйелдер құқығын қорғайды әрі қолдайды.