Мұхамеджан Етекбаев
Өмірбаян
Етекбаев Мұхамеджан (16.5.1936, Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарақыстақ а.-10.1.1998, Алматы)- балалар жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазҰУ-тін бітірген. (1960). 1956-60 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ақжелкен») газеттерінде тілші, Қазақстан телерадио хабарларын тарату жөніндегі к-тінің балалар редакциясында әдеби қызметкер, 1966 жылдан Жамбыл мұражайының диреторы болып қызмет еткен. «Алатау ертегісі», «Алтын мүйізді киік» (1961), «Қисық бұтақ» (1963), «Қызыл ала автобус» (1964), «Болатбек» (1966), «Жапалақ туралы ертегі» (1967), «Алатау ертегісі» (1968) «Жамбылдың музей үйі» (1968), «Айтолқын» (1970), «Қара жартас хикаясы» , «Жомарт жаз» (1971), «Сұлу шоқы» (1979), «Бала қыран» (1983), «Таутекелі биігі» (1984) жарық көрген.
Етекбаев Мұхамеджан [Мәтін]// Қазақстан әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2005.- 195 б.