Бақытжан Қанапиянов
Следи за нами:
RSS

Бақытжан Қанапиянов

Өмірбаян

(4.10.1951 ж. т., Көкшетау қ.) –ақын, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998). Қазақ политех. Ин-тын (1974), КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген.

 ҚР ҒА жанындағы металлургия және кен байыту ин-тында инженер болып қызмет істеген. «Жалын» баспасында аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1991 ж. бастап «Жібек жолы» баспа үйінің президенті.

Алғашқы өлеңдері 1975 ж. «Простор» журналында жарияланған. Абай өлеңдерін, Жамбыл, Кенен дастандарын, «Қыз Жібек» эпосын орыс тіліне аударған. Қазақстан Жастар одағы сыйлығы (1986), «Алтын Лираның үміткері» атты Дүниежүзілік ақындар байқауының лауреаты (2003), Тәуелсіз  «Тарлан»  сыйлығы (2003), Махамбет атындағы сыйлық (2003), Халықаралық «Алаш» сыйлығы (2005) лауреаты. Көкшетау қаласының құрметті азаматы.

Қанапиянов Бақытжан [Мәтін]// Қазақстан әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2005.- 314 б.