(4.4. 1937, Өзбекстан, Ташкент облысы Жаңажол қаласы) – түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы орта мектепті бітірген. Ташкент қаржы-экономика инcтитутын (1959), ҚазМУ-дың филология факултетін сырттай оқып бітірген (1966). 1959 – 1960 жылдары Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. « Қазақстан » баспасында редактор (1976 – 81), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор (1981 – 1997), Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор (1997 – 2002) қызметтерін атқарған. Әскери атағы - отставкадағы лейтенант. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан болашақта рухани-мәдени құндылықтарға бай, жоғары дамыған ел болады». Хоббиі - кітаптар. Сүйіп оқитын әдебиеті -тарихи, пәлсапалық және психологиялық әдебиет. Жұбайы - Келімбетова Қуаныш Тазабекқызы. Ұлдары -Мұхит (1964 жылы туған ), Қайрат (1969 жылы туған ). Немерелері -Қанат (1988 жылы туған ), Шынар (1991 жылы туған ), Айсұлтан (1993 жылы туған ), Азат (1993 жылы туған ).2010 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған.
источник http://adebiportal.kz/kz/authors/view/1727
Үміт үзгім келмейді http://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/66a/66a5830441e4072da1673132a3808f76.pdf&ln=kz