Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
7 қараша күні АОК кітапхана залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына орай «Тәуелсіздігім тәңірден жеткен тәтті сый» атты тарихи-әдеби кеш болып өтті.
 
Кешті ұйымдастырушылар орталық және балалар кітапханасының кітапханашылары. Іс-шараға №1 орта мектебінің  8 сынып оқушылары ат салысты.
 
Аталған іс-шара патриоттық сананың жоғарылауына, өз еліне деген мақтаныш, жауапкершілік сезімнің артуына үлес қосады. 
 
Небәрі 25 жыл ішінде Қазақстан ерен елбасымыздың арқасында мықты, дамушы, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылды. 
 
Кеш жүргізушілері  Дакаев Иса мен Аман Алуа қатысушыларға тарихи экскурсия жасады. Мұның артын арнайы тақырыпқа жасалған кітаптардың бейне-таныстырылымы жалғады. Сонымен қатар кеш көркін Аманкелді Нұрсәуле, Қайратбек Әлия, Кирисхан Армангүл, Охан Ақбота сияқты талантты оқушыларымыз оқыған патриоттық өлеңдер мен әндер қыздыра түсті. 
 
Кеш соңында белсенді, талантты, көңілді кеш қонақтары 8 «в» сынып оқушылары мен олардың сынып жетекшілері Ғабдуллаева Орынбасар Қанатқызын марапаттаулар жалғастырды.  Осы кешке ат салысқан барлық қатысушыларымызға алғысымыз шексіз. 
 
 


Вернуться назад