Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
ОКЖ кітапханалары Қазақстан халқы тілдері күнін дәстүрлі түрде іс-шаралармен атап өтті. Осы жылы мерекелік іс-шаралар қазақ тілінің дамуына елеулі үлес қосқан ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында өтті. А. Байтұрсынов тамаша әдебиетші, педагог, лингвист болған.

Ол қазақ жазуын араб графикасы негізінде реформалаған. Байтұрсыновтың көпқырлы таланты оған поэзияда, публицистикада, ғылымда қаламның күшін сынап көруге мүмкіндік берді.

Батпақ ауылының кітапханасында оқушыларға арналған "Тіл - халықтың жаны" әдеби сағаты өтті.
Балалар мерекенің тарихы, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануын дамытудағы рөлі, араб графикасы негізінде Қазақ жазуын реформалау туралы білді. Іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде Отан туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер айтылды.
Николаевка а. кітапханасында мемлекеттік ұйымдар мамандарының, ауыл тұрғындарының қатысуымен " Ұлы, құдіретті, шыншыл және еркін!" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Садовое а. кітапханасында жасөспірімдерге арналған "Тілдер мерекесі"атты іс-шара өтті.
Приишимское а. кітапханашысы "Тілдің ортақтығы – адам бірлігі"кітапханалық сабағын дайындап өткізді.
Сарыөзен ауылдық кітапханасында 5 сынып оқушыларына "Тіл ұлттық рухының негізі"атты әдеби сабақ өтті.
Сұңқар ауылында кітапханашы Мәдени ұйымдастырушымен бірлесіп балаларға арналған "Тіл - баға жетпес мұра"мәнерлеп оқу байқауын өткізді.
Мирное а. кітапханасында "Тіл – халық қазынасы"атты кітапхана сабағы өткізілді.
Есіл а. кітапханашысы мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған "Тілдер патшалығында"атты командалық ойын ұйымдастырды.
Орталық кітапхана аудан орталығындағы мектеп оқушыларына арналған "Тіл тағдыры - халық тағдыры" ақпараттық сағаттарын өткізді.
      

 


Вернуться назад