Біздің байқауға 15 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатысты. Олар байқауға қазақ ұлттық стилінде орындалған өз жұмыстарын ұсынды. Жұмыстар әртүрлі техникада және әртүрлі материалдардан жасалған. Кәсіпқойлардан тұратын байқаудың қазылар алқасы - бұл тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері, Осакаровка к. мектептердің көркем еңбек оқытушылары жұмыстарды тоғыз критерий бойынша бағалады. Нәтижесінде Пионерское а. өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үш жүлделі орынға ие болды. І дәрежелі дипломмен Н.Гаврилов пен Ю. Грицактың "Киіз үйде" жұмысы марапатталды. II дәрежелі дипломмен Е. Груздева мен К. Шолохованың "Қазақстан халықтарының достығы" жұмысы марапатталды. III дәрежелі дипломды "Бесік" Е. Олейник алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғыс айтамыз. Сарқылмас шығармашылық қуат, шабыт және ең батыл идеяларды жүзеге асыруды тілейміз.