Жаңалықтар
ҚР Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында аудандық кітапханада жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Болашақ Отан қорғаушылармен Осакаров ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы И. М.Шакирбеков, аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы В. С. Герега, Ауған соғысының ардагері В. Н. Яворский, интернационалист-жауынгерлер, тәжік-ауған шекарасындағы қимылдарына қатысушылар Б. Б. Сағымбеков және П. Г. Ларин әңгімелесті.
Қонақтар өз қызметі туралы айтып, жастардың сұрақтарына жауап беріп, олармен бірге қазақстандық патриотизм деген не, ол неден көрінетінін және елдің әл-ауқаты үшін неге маңызды екенін талқылады.