Жаңалықтар
Биыл кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Сондай-ақ, 8 ақпанда Тәжікстаннан әскерді шығару күні атап өтіледі.
Аудандық кітапханада тәжік-ауған шекарасындағы соғыс ардагерлері Ларин Павел Геннадьевич пен Сағымбеков Бекболат Боранбайұлы қазақстандық әскер қатарында қызмет ететін жастармен кездесті. Ардагерлер Тәжікстандағы қызметі туралы естеліктерімен бөлісті. Тәжік-ауған шекарасындағы оқиғалар туралы бейнероликтер, ҚР Ішкі әскерлері батальонының 7-ротасының қайғылы оқиғасын баяндайтын «Қазбат» кинофильмінен үзінді көрсетілді.
Кездесу соңында ардагерлер аудандық кітапханаға Жанар Кемелдің «Ар-байрағы - ОТАН» кітабын сыйға тартты.
Іс-шараға ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор В.С.Герега, жауынгер-интернационалист, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы В.Н.Яворский және Аманат аудандық партия филиалының төрағасы Н.А.Башаров қатысты.