Жаңалықтар
Осакаров ауданының мәдениет және өнер қызметкерлеріне салтанатты құрмет көрсетілді. Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында аудан әкімі Р.Нұрмұханбетов жетінші рет мәдениет қызметкерлерін сыйлықтармен марапаттады.
ОКЖ жетекшісі Евгения Александровна Еремеева «Мәдениет майталманы» номинациясында сыйлықтың лауреаты атанды.
Молодежный кентіндегі балалар кітапханасының жетекшісі Галина Николаевна Глазун «Үздік кітапханашы» номинациясында сыйлықпен марапатталды.
Аудандық кітапхананың кітапханашысы Регина Федоровна Елефтерияди «Жас жан-жақты мәдениет қызметкері» номинациясында лауреат атанды.
Сондай-ақ, біздің әріптестеріміз аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды, олар: К.Мұханова, О.Митина, А.Ермолаева, С.Рапш, С.Ақпанова және О.Сейтқажанова.
Аудан әкімінің алғыс хаттарымен аудандық кітапхананың техникалық қызметкерлері Ғ.Скупов, Е.Құрышев және В.Пластинин атап өтілді.
Әріптестерімізді марапаттармен шын жүректен құттықтаймыз, барлық кітапханашыларды Мәдениет қызметкерлері күнімен құттықтаймыз. Мықты денсаулық, сарқылмас өмірлік қуат, шығармашылық шабыт тілейміз!