Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
Жыл сайын қыркүйекте Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі, бұл мереке елімізде тұратын барлық этностар өкілдерінің мәдениеті мен тілдеріне құрмет көрсетуді білдіреді

2018 жылдан бастап тілдер мерекесі 5 қыркүйекте Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай атап өтіледі.

Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары аудан әкімінің орынбасарының қатысуымен "Тіл мәртебесі – ел мәртебесі" атты дөңгелек үстел дайындап, ұйымдастырды. Іс-шара аудандық мәдени-демалыс орталығында өтті.

Біздің жерлестеріміз, әртүрлі этностар мен әртүрлі жастағы өкілдер тілдерді үйрену тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараға қатысушылар аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

ОКЖ кітапханаларында да іс-шаралар өтті.

https://www.instagram.com/p/C_iMzvpt0_O/ 

https://www.instagram.com/p/C_iNkuLtHV1/


Вернуться назад