Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
Бүгін аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына және Ұлы Жеңістің құрметіне арналған «Ұлы Дала Елі- Мәңгілік Ел»

атты танымдық-поэтикалық кеш өтті. Кештің мақсаты- өткенімізді жаңғырту, тарихымызды еске алу, бүгінімізге қанағат етіп болашаққа сенім арту. Бүгінгі кештің ерекше тосынсыйы соғыс және тыл еңбеккері  Марат Жұмабекұлымен жүргізілген сұхбат болды. Кеш «Ботақан» поэтикалық клуб мүшелерімен өз көркін тапты. Клуб мүшелері қазақтың ұлы ақындары мен өз шығармашылықтарынан жырдан шашу шашты. Кеш көрермен қауымға  ерекше көңіл сыйлады. Мұндай кештер алдағы уақытта өз жалғасын таппақ. 


Вернуться назад