Бүгін Осакаровка ауданының мұражайында осындай тақырыпта ақпараттық-түсіндірме дөңгелек үстелі болып өтті. Аталған іс-шараға аудандық кітапханада өз үлесін қосты.
Аудандық кітапханадан балалар бөлімінің кітапханашысы Қосқолова Жеңісгүл Темірханқызы жас ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа және рухани бірлікке үйрету туралы баяндама оқыды. Баяндамада мемлекеттік рәміздерді оқыту, үйрету жолдарын, күнделікті өмірімізде де мемлекеттік рәміздердің кездесетіні жайлы, яғни Ту- мемлекеттік ғимараттарда, Әнұран- кез келген салтанатты іс-шараларда, ал Елтаңба- заңды құжаттар: туу туралы куәліктен бастап аттестат, жеке куәлік, диплом, т.б. қалай дұрыс қолданылуы керек екені түсіндірілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған іс-шарадан бір шешім шығарып, өзара қорытынды жасады: Мемлекеттік рәміздерді жылына бір рет қана ұлықтау дұрыс емес . Мемлекеттік рәміздерімізді күнделікті өмірімізде, ортамызда дәріптеп, жас ұрпаққа ұғындыру қажет.