Жаңалықтар
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем.
XXI ғасыр» манифесін ілгерілету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Ақ орамал» республикалық акциясы Осакаров ауданында да бастау алды.
Қазақ елінің тарихында философиялық мағынасы терең «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған. Яғни, әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.
Ақ орамал» ұғымы қазақ тарихында зор мәнге ие. Ақ - адалдық, пәктік, тазалықтың символы. Ананың ақ сүтін ақтауға деген талпынысы адамның өмірге деген адал, ақ көзқарасын қалыптастырады. Еліміздегі барлық ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтау - бұл «Ақ орамал» республикалық акциясының көздеген мақсаты болып табылады.
«Ақ орамал» акциясын өткізу арқылы қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.
Қазақ халқында ақ орамалды қадір тұтудың жолдары жетерлік. Мыс: жаңа түскен келіннің басына салып, бетіне жапса, перзентханада жаңа босанған жас аналарға да байлаған.
Ауданымызда акцияны насихаттау барысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ аудан жастары, аналар кеңесі төрайымдарының қатысуымен Молодежный к. «Қайғылы Ана» ескерткіш тақтасына ақ орамал мен гүл шоқтары қойылып құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ тарихи –өлкетану мұражайында аталған іс-шара дөңгелек үстелге ұласты. Дөңгелек үстелге ат салысуда ОБК қызметкері Қосқолова Ж.Т. «Елбасы бастамасы- бейбітшіліктің белгісі» атты баяндама оқыды.
Тағы бір айтарлық іс-шара Осакаров аудандық АХАЖ бөлімінде салтанатты неке тіркеу кеші өтті.
Аудандық кітапханамызда акцияны насихаттау барысында қалың оқырманға арнайы тақырыптық сөре көрсетілді.