Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлаймыз. Мерекені тойлаудың негізгі мақсаты : әр халықтың тілі – адамзаттың жан-дүниесінің бір бөлігі болса, ал әр халықтың мәдениеті – әлемдік өркениетке қосылған теңдессіз байлық болып саналады.
Осы себепті жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру,халықтар мәдениетін оқыту арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу – балалар кітапханасының міндеттерінің бірі. Дәл осы  мақсатта 22 қыркүйек күні  орталық кітапханамызда «Үш тілдің патшалығы» атты интеллектуальды ойын болып өтті. 
Ойынға Осакаровка к. ММ №1 орта мектебінің оқушылары қатысты. Олар өз білімдерін түрлі «Бәйге», «Жорға», «Полиглот» турларында сынға салды. Балалар өз білімдерін жан-жақты көрсетіп, қызу белсенділік танытты. 
Барлық қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 
Сайыстың соңында кітапханамызда жаз маусымында жүргізілген «Жазда оқы, пазлды тоқы» акциясы қорытындыланды. Акцияға барлығы 30 оқырман қатысқан болатын. Осының ішінде 9 балақай акция талаптарын мүлтіксіз орындап, жүлделерге ие болды. 
  Бүгінгі өткен  «Үш тілдің патшалығы» атты ойын-сауық кешіміз Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылған кішкене ғана үлесіміз. Бірақ біздің  ана тілімізге деген құрметіміз ешқашан өшпек емес. Тіліміздің мәртебесі биік болсын, ағайын!


Вернуться назад