Құрманбай Толыбаев
Өмірбаян
Толыбаев Құрманбай Игілікұлы (14.3.1926, Алматы обл. Шелек ауд.-21. 8.2004)- жазушы. 1945 ж. мектепте мұғалім, 1950-51 ж. «Халық хабаршысы», 1952- 55ж. «Жаңа жол» газетінде редактор қызметтерін атқарған. 1963-68 ж. «Ұлан» газетінде, 1968-89 ж. «Балдырған» журналында және 1989-96 ж. «Шалқар» газетінде редактордың орынбасары қызметін атқарған.
Толыбавтың «Ай күледі» (1969), «Дән» (1974), «Шынар» (1976), «Балбөбек» (1979) жыр кітаптары, өлеңдер мен дастандары сондай-ақ, «Қайдасың досым» (1970), «Шырын» (1972), «Өжеттер» (1977), «Күн бөбегі» (1981), «Шапақ» (1984), «Алматым менің» (1985), «Тамшылар» (1987), «Айдың жүзі дөңгелек» (1989), «Кел ойнайық» (1990) әңгіме, повестері, жазушының «Нар идірген», «Әсет» роман-новелласы, «Бабадан қалған бар байлық» этнографиялық- танымдық әңгімелер кітабы бар (2000).
Толыбаев Құрманбай Игіліқұлы [Мәтін]// Қазақстан әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна» баспасы, 2005.- 506 б.